Биоалуантүрліліктің негізгі аумақтарын сақтау серіктестік қоры (CEPF) – күрделі жағдайдағы экожүйелерді сақтау үшін қоғамдық ұйымдарға, белсенділерге қаржыландыру мен техникалық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін дүниежүзілік бағдарлама. Қор 2000 жылы құрылған.
Қор дамушы елдердегі және өтпелі экономикасы бар елдердегі адамдарға әлемдік биоәртүрліліктің ыстық нүктелерін — биологиялық ресурстарға бай, бірақ адамзат үшін өмірлік маңызды жойылып кету қаупі бар экожүйелерді қорғауға мүмкіндік береді.
Азаматтық қоғамға: үкіметтік емес ұйымдарға, жеке секторға және академиялық ұйымдарға гранттар ұсына отырып, CEPF жергілікті мүдделі тараптармен бірлесіп әзірленген сақтау стратегиясын іске асырады. Бұл инвестициялар аса маңызды, себебі ыстық нүктелер миллиондаған адамдардың үйі болып табылады, олар кедейленген және өмір сүру үшін табиғатқа тәуелді.
Қор Француз даму агенттігінің, Халықаралық табиғат қорғау ұйымының, Ганс Вилсдорф Қоры, Еуропалық одақтың, жаһандық экологиялық қордың, Жапония Үкіметінің және Дүниежүзілік банктің бірлескен бағдарламасы болып табылады.
Сайт: www.cepf.net